Балалар еңбегінің ең нашар түрлері мәселелері бойынша ұлттық ақпаратты-ресурстық орталық

trud

Қазіргі таңда әлемде балалар еңбегі маңызды мәселе болып отыр. Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) мәліметінше дүниежүзінде 215млн бала еңбекпен шұғылданады. Ол балалардың дамуы мен білім алуына кедергі келтіріп, болашақта өмір сүру қаражатынан айырады; олардың көпшілігі физикалық және психологиялық тұрғыдан зиян келтіретін, тіпті өмірлеріне қауіп тудыратын балалар еңбегінің ең ауыр түрлерінде анықталған.

Балалар мәселесін шешу ұлттық міндеттердің басым бағытына жатады. Оның орындалуынан әр бала өзі қалаған мамандықты таңдап, дені сау, білімге негізделген, бәсекелестікке қабілетті қоғамның құрылуы тәуелді.

Қазақстан Республикасы өзіне халықаралық міндетті алып,балалар құқығын қорғау мен ХЕҰ-ның № 182 «балалар еңбегінің ауыр түрлері туралы» және  № 138 «Жұмысқа қабылдаудағы ең төменгі жас шамасы туралы» Конвенция қаулыларының орындалуы бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

Осы сайтқа Қазақстандағы балалар еңбегінің ауыр түрлерін қысқарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар енгізілген. Ол қызығушылық танытқан барлық тұлғаларға қол жетімді.

Видео

  • Балалар әлемі емес 14
  • Балалар еңбегі
  • ҚР-да «Балалар еңбегіне қызыл қағаз» акциясы